Іс-шаралар » Страница 3 » Үшқоныр орта мектеп гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Үшқоныр орта мектеп-гимназиясы"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмысының жоспары бойынша мектепте қатысатын оқушыларға дайындық сабақтары өткізілді.
27
октябрь
2022
«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмысының
«Алматы облысы Қарасай ауданының білім бөлімі» «Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмысының жоспары бойынша мектепте қатысатын оқушыларға дайындық сабақтары өткізілді, PISA зерттеуінде жиі кездесетін тапсырмалар талқыланды. Мектеп психологтары Кулмахашева А.Б. Гаитова М.Т. оқушылармен сауалнама, тренингтер өткізілді.
Жас кәсіпкерлер
19
май
2022
Жас кәсіпкерлер
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен 10 сынып оқушылары өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асырып, жасаған прототиптерін тұтынушыларға ұсынып, жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың өздері жасаған өнімдерін сатып, кез келген бизнеспен айналысуға болатынын, алға мақсат қойып, өзінің қалауын жүзеге асыруды, қолынан келетін іспен айналысып, қаражат табу жолдарын үйрету.
Терроризм қауіпі
06
апрель
2022
Терроризм қауіпі
“Үшқоңыр” орта мектеп-гимназиясында 05.04.2022 күні “Терроризм қауіпі немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда оқушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау бойынша оқу жаттығулары өтті.” Жаттығуға мектеп  қызметкерлері және 1-11 сынып оқушылары қатысты.АӘД пән мұғалімі Арыков Ф.Б. түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.
« Адамзаттың  ортақ  қасіреті»
25
март
2022
« Адамзаттың ортақ қасіреті»
«Үшқоңыр» орта мектеп- гимназиясының  Терроризмнің алдын- алу  іс- шаралар  жоспарына сәйкес , мектеп кітапханасында « Адамзаттың  ортақ  қасіреті» тақырыбында көрме ұйымдастырылып оқушылармен түсіндіру жұмыстары атқарылды
Оқуға құштар мектеп!
19
январь
2022
Оқуға құштар мектеп!
Оқуға құштар мектеп! Оқушыларды кітап оқуға шақыру – білімді ұстаз келбеті. 19 қаңтар күні 1А сынып жетекшісі Талиева А. осы мақсатта оқушыларымен мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мектеп кітапханашылары Р.Жапарова, А.Кирпина оқушыларды кітапхана жаңалықтарымен, QR код арқылы оқуға болатын кітаптармен таныстырды. #оқуғақұштармектепжобасы 
"Жас ұлан" және "Жас қыран" ұйымына мектеп оқушыларын қабылдау
15
декабрь
2021
"Жас ұлан" және "Жас қыран" ұйымына мектеп оқушыларын қабылдау
"Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы" "Тәуелсіз елге 30жыл" Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы "Жас ұлан" мен "Жас қыран" ұйымына қабылдау өткізді. Мерекелік іс-шарада мектебіміздің оқу озаттарына "Жас ұлан" ұйымының галстугы, "Жас қыран" ұйымының төсбелгісі тағылды. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
"Тұңғыш Президент" куні
01
декабрь
2021
"Тұңғыш Президент" куні
"Үшқоңыр" орта мектеп-гимназиясында "1-желтоқсан Тұңғыш Президент" куніне орай өткізілген іс-шара өте жоғары деңгейде өткізілді. Ат салысқан ұстаздарымызға, 1сынып оқушыларына алғысымыз шексіз.
Қарттарым - асыл қазынам
01
октябрь
2021
Қарттарым - асыл қазынам
1 қазан -Қарттар күніне орай, Үшқоңыр орта мектеп-гимназия ұжымы ардагер ұстаздарымызды құттықтады.Дендеріңізге саулық тілейміз!Мерекелеріңіз құтты болсын🎊🎊🎊🎊👏👏👏👏
«Терракт» кезіндегі қорғану шаралары
30
сентябрь
2021
«Терракт» кезіндегі қорғану шаралары
«Үшқоңыр орта мектеп - гимназиясында» 1-11 сынып  оқушыларымен мұғалімдер және техникалық қызметкерлермен ТЖ немесе терроризмнің қауіпі   туындаған  жағдайда  эвакуациялау   бойынша  оқу  жаттығулары   өтті. Дайындық жаттығу кезінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі  Ф.Арыков  оқушыларға «Терракт» кезіндегі қорғану шаралары, іс- әрекеттер туралы түсіндіру жұмыстары   жүргізілді.
Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу
28
сентябрь
2021
Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу
Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында 28 қыркүйек күні жоғары сынып оқушылары Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа , өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Кездесу соңында гимназия директоры Г. Аманжолова мен тәрби