14
сентябрь
2023
ЕНТ тапсырмалары туралы
Қайырлы күн, "Үшқоңыр орта мектеп гимназия" КММ 11сынып оқушылары ата-аналарының назарына!!!
Жоғары білімді оңтайлы етудің маңызды қадамы-ЕНТ тапсырмалары жетілдіру. Біз нәтижелерді қалыптастыру мен талдауда психометриялық тәсілдерді қолдана отырып, стандартталған форматқа көшеміз. Бұл өзгерістер Қазақстан Респуликасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес келеді.
2024 жылғы ЕНТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады. Бұл туралы толығырақ айта кетсем.
-ЕНТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейін, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған5 тапсырма қосылады. Бұл өзгерістер-тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың фукционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы.
Осылайша, ЕНТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма және, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл-140, ол да өзгеріссіз қалады.
-Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ЕНТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын кету керек.