1-сынып ата-аналар жиналысы » Үшқоныр орта мектеп гимназиясы
"Алматинская область білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Үшқоныр орта мектеп-гимназиясы"
КММ
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
10
сентябрь
2025

1-сынып ата-аналар жиналысы

«Үшқоңыр орта мектеп – гимназиясы» КММ

1 а,ә,б,в,г,д,е   сыныбының ата-аналарымен өткізілген жиналыстың

ХАТТАМАСЫ 


Жиналыстың тақырыбы:  «Балаңыз оқушы атанды!» 

Жиналыстың мақсаты: балалар тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата-аналарға жасөспірімдердің физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері мен тұлғааралық қарым-қатынас туралы түсіндірме жұмыстарын өткізу, балалардың 1-сыныпқа бейімделу бойынша кеңестер беру.

Өткізілген уақыты: 16.09.2025ж

Жұмыс түрі: тренингтік жаттығулар

Қолданылған әдіс-тәсілдер: тренингтік жаттығулар, сұрақ-жауап

Барлығы: 180 ата-ана                          Қатысқан ата-ана саны: 78

2025 оқу жылының қыркүйек айының 16 күні 1- а,ә,б,в,г,д,е сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналысы өткізілді. Мектеп психологтары Кулмахашева А.Б, Гаитова М.Т ата-аналарға 6-7 жастағы 1-сынып оқушыларының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері туралы айтып слайд және жадынама арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. 6-7  жастағы жас өспірімнің психологиялық ерекшелігі (1 сынып мектепке бейімделу); 
  2. Отбасындағы тәрбиелеудің психологиялық негіздері(ата-аналарға кеңес);
  3. Баланы психологиялық тұрғыдан қолдау(тренингтік жаттығулар);


Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан - жақты даярланған болуы қажет. Осыған орай мен оқушылардың мектепке, оқу үрдісіне тез бейімделуін қатаң бақылауда болады.

«Мектеп күйзелісі» - бұл баланың мектепке баруымен байланысты психикалық күйінің бұзылуы сияқты жылау, мектепке барғым келмейді деген оқушылар тарапынан қылықтар болған емес. Балалардың ішінен мектепке бейімделу ауыр, қиын болған балалар болған жоқ. Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басында 2 - 3 оқушыда ғана болды.

Оқудың алғашқы аптасында - ақ кейбір оқушылар өздерін әлі оқушы сезіне қоймады. Өздерін даярлық сыныптағыдай сезініп, іс - әрекеттер жасай бастады. Тек оқудың 5 - 6 апталарында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты бола бастайды және біртіндеп жоғарылайды. Оқумен байланысты барлық жүктемеге қатысты тұрақты бейімделу басталды. Оқу жүктемесіне ағзаның физиологиялық бейімделуі қиын кезең болғанымен, ол оқудың 5 - 6 апталарында аяқтала бастады.

Бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болып өзгерулері мүмкін. Олардың жұмысқа қабілеттері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы, кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы мүмкін, құрдастарымен қарым-қатынастары бұзылатын жағдайлар да орын алуы кездеседі.


Родителям кеңес: 

Баланың өз тілінде сөйлеуге: тырыссаңыз.

Баланың көңіл - күйін әр кез назарда ұстаңыз.

Баланың Сізден көп нәрсе күтетіндігін ескеріңіз.


Жиналыста сыныптар бойынша 43ата-ана қамтылды. 


 



Педагог-психологтар:                     А. Кулмахашева 

                                                          М. Гаитова


Сынып жетекшілер:                        М.Болат

                                                           Р.Уалиева

                                                           А.Талиева

                                                           С.Бекбауова

                                                           Н.Смагулова

                                                           Т.Макутонович

                                                          Ф.Туйчиева 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив