PISA (Programme for International Student Assessment) » Үшқоныр орта мектеп гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Үшқоныр орта мектеп-гимназиясы"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2022

PISA (Programme for International Student Assessment)

«Үшқоңыр орта мектеп-гимназия» КММ

PISA (Programme for International Student Assessment)

2021 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар ЕСЕБІ

«Үшқоңыр орта мектеп –гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекеме боынша BilimCenter   цифрлық білім беру порталы арқылы педагогтерге арналған онлайн курстың білім беру бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) тақырыбы – «Білім алушылардың функционалды сауаттылығын  арттыруға бағытталған кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту» атты курсқа 50 мұғалім қатысты.

Онлайн-оқыту бағдарламасын жүзеге асыру жоспары төмендң көрсетілген жоспар бойынша өткізілді

№ 

Жүзеге асыру кезеңдері

Макс уақыт (күн)

Жүзеге асыру жолдары

Цифрлы ресурстардың порталда ұсынылуы

1

1. Жалпы кіріспе курс + Инновациялық бағыт
 * барлық қызығушылық білдірген педагогтерге ұсынылады

25-30



1-сабақ. PISА ХМСЗ-не қысқаша шолу

Видео презентация

 Негізгі бағыт

Презентация

 Инновациялық бағыт

Презентация

 PISА бағалауы

Видео презентация

 Тестілеу. PISА 2022 зерттеуінің кешенді дизайны

Презентация

Жаһандық құзыреттілік

2-сабақ. Жаһандық құзыреттілік

Видео презентация

Қаржылық сауаттылық

3-сабақ. Қаржылық сауаттылық

Видео презентация

Креативті ойлау

4-сабақ. Креативті ойлау

Видео презентация

Проблеманы коллаборативті шешу

5-сабақ. Проблеманы коллаборативті шешу

Видео презентация

2. Негізгі бағыт 
 Негізгі пәндік бағыт бойынша онлайн-оқыту курсы 
 * пән мұғалімдеріне ұсынылады

– математикалық сауаттылық – 12 сабақ;
 – оқу сауаттылығы – 6 сабақ;
 – жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық – 10 сабақ.

Теориялық материал, сондай-ақ өткен материалды тексеру және бекіту үшін жауабы көрсетілген жаттығулар.

3. Педагогтер тестілеуі
 * тестті қайта тапсыру 
 3 ретке дейін қарастырылған

30 минут

Педагогтердің онлайн-тестілеуден өтуі

Тестілеудің онлайн нәтижелері
 Аналитикалық есеп

4. Білім алушылардың бастапқы диагностикалық тестілеуі

1,5 сағат

Білім алушылардың онлайн-тестілеуден өтуі

Тестілеу нәтижелерін онлайн есептеп шығару
 Аналитикалық есеп

2

5. Курс-практикумды қолдану
 * тестілеу нәтижесі бойынша сертификаттауға ұсынылғандарға қолжетімді

75-90

- тестілеудің форматы мен маңыздылығын түсіндіреді;
 - сабақтарында  РІЅА зерттеуіне негізделген тапсырмаларды қолданады;

Видео түсіндіру және шешу жолы,  жауабы көрсетілген тапсырмалар жиынтығы

6. Практикум. 
 Білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына арналған онлайн-тренажер

40-60

Білім алушылар РІЅА зерттеуіне негізделген тапсырмаларды онлайн орындайды

Зерттеудің екі бағыты бойынша жаттығулар

3

7. Білім алушылардың қорытынды диагностикалық тестілеуі

1,5 сағат

Білім алушылардың онлайн-тестілеуден өтуі

Тестілеудің онлайн нәтижелері
 Аналитикалық есеп

Барлығы


180



Барлығы 180 сағат уақытты құрады күрс

Бұл бағдарламаның мазмұны өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге,  яғни білім алушылардың функционалды сауаттылығын PISA халықаралық  зерттеуінің талаптарына сәйкес арттыруға, PISA зерттеуінің балама  тапсырмаларын әзірлеуде, сабақ барысында пайдалануда және бағалауда  педагогтер әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.  

     Бағдарлама құрылымы бойынша аралас келіп, оқудың төрт сатысынан  тұрады: 

- бірінші саты – «Негізгі модуль» (өз бетінше оқу, 2 сағат); 

- екінші саты – «Инновациялық модуль» (интеграцияланған оқу, 8 сағат);     

- үшінші саты – «Кәсіби модуль» (интеграцияланған оқу), мұны оқыту үш  негізгі бағытта жүргізіледі: 

1. Оқу сауаттылығы – 32 сағат; 

2. Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық – 40 сағат; 

3. Математикалық сауаттылық – 44 сағат. 

- төртінші саты – «Практикалық модуль».  

Педагогтер тестілеуі (* тестті қайта тапсыру 3 ретке дейін қарастырылған)

 Мектеп педагогтерінің онлайн - тестілеуден өтіп  33 мұғалім сертификат алды. 








Мұғалімдер статистикасы


Білім беру ұйымындағы педагог саны

116

Курсқа тіркелген педагогтердің ағымдағы саны

50

Прогресс көрсеткіші (орташа мәні)

100%


Сертификатталған педагог саны

39


Аты -жөні

Оқыту тілі

Курс атауы

Педагогтерді сертификаттау

Талпыныс саны

Өткен күні

Статусы

1

Мурадова Ф.Т.

орысша

Читательская грамотность

2


15/20 өтті

2

Өмек С.

қазақша

Математикалық сауаттылық

1


16/20

өтті

3

Курманбаева А.

орысша

Оқу сауаттылығы

4


15/20

өтті

4

Мырзаханова А.Б.

орысша

Оқу сауаттылығы

1


15/20

өтті

5

Садықбекова А.

қазақша

Оқу сауаттылығы

2


15/20

өтті

6

Туматаева К.К.

орысша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

өтті

7

Балапанова М.М.

қазақша

Оқу сауаттылығы

1


14/20

өтті

8

Коянова Г.А.

орысша

Жаратылыс ғылыми сауаттылық

5


14/20

өтті

9

Макутунович Т.С.

орысша

Оқу сауаттылығы

4


15/20

өтті

10 

Мукиманова А.Р.

қазақша

Жаратылыс ғылыми сауаттылық

6


өтті 16/20

өтті

11

Баймбетова М.З.

қазақша

Оқу сауаттылығы

5


15/20

өтті

12

Хамитова М.А.

қазақша

Оқу сауаттылығы

1


15/20

өтті


13

Коспаева Н.К.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


15/20

өтті

14

Турлыгожаева С.Е.

қазақша

Математикалық сауаттылық

4


15/20

өтті

15

Кадирова А.Т.

орысша

Жаратылыс ғылыми сауаттылық

5


16/20

өтті

16

Шонкина И.С.

қазақша

Жаратылыс ғылыми сауаттылық

5


14/20

өтті

17

Маусымбаева Г.Б.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

өтті

18

Сатқанбаева Р.Н.

қазақша

Математиаклық сауаттылық

1


16/20

өтті

19

Бижанова С.Н.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

20

Идырышева Н.К.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

21

Сукенова Х.С.

қазақша

Оқу сауаттылығы

2


16/20

22

Алдешова Н.К.

қазақша

Оқу сауаттылығы

2


14/20

23

Миртаева А.К.

қазақша

Оқу сауаттылығы

7


17/20

24

Куандыкова А.Е.

қазақша

Оқу сауаттылығы

2


14/20

25

Мамырбаева Ж.С.

қазақша

Оқу сауаттылығы

2


14/20

26

Солтанбаева Г.К.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

27

Орашева А.Б.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


16/20

28

Уйчик Г.

қазақша

Оқу сауаттылығы

7


14/20

29

Наурвзбаева А.Б.

қазақша

Оқу сауаттылығы

7


14/20

30

Бейсенбаева А.М.

қазақша

Математикалық сауаттылық

1


14/20

31

Шукурбекова А.Е.

орысша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

32

Зодиева Н

қазақша

Оқу сауаттылығы

4


17/20

33

Романкулова А.

қазақша

Оқу сауаттылығы

5


17/20

34

Еркосаева А.Е.

қазақша

Оқу сауаттылығы

2


15/20

35

Саламатова А.О.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

36

Ахметчиева Р.Б.

қазақша

Оқу сауаттылығы

2


14/20

37

Сырцова И.В.

орысша

Оқу сауаттылығы

1


14/20

38

Имбергенова А.О.

қазақша

Оқу сауаттылығы

3


14/20

39

Абилмажинова М.М.

қазақша

Математикалық сауаттылық

1


14/20









ПИЗА онлайн курсқа мектеп бойынша 50 мұғалім қатысып

39 тестілеуден өтіп сертификатталды, 11 мұғалім тесттен қажетті балл жинай алмай, тесттен өте алмай сертификатталмады. Себебі, курстың онлайн түрде оның үстіне өздігімен оқуды қажет етпеудігі тиімсіз болды. Мұғалімдер офлайн болмаса да, курс вебинарлар түрінде өткізсе деген ұсыныстар білдірді.

Сонымен қатар тест нәтижелері бойынша жауаптар  талдауды жарияланбағандықтан қыйндықтар туғызды.




















Функционалды сауаттылық деңгейлерінің сипаттамасы

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

Деңгей

PISA

BilimСenter

1c

189–262

40–90

1c деңгейіндегі оқырмандар:
 •    қысқа, синтаксисі қарапайым сөйлемдердің тура мағынасын сөзбе-сөз деңгейде түсініп, растай алады;
 •    шектеулі уақыт ішінде түсінікті және қарапайым мақсатта оқи алады.
 Бұл деңгейдегі тапсырмалардың синтаксистік құрылымы мен сөз қолданысы қарапайым.

1b

262–335

91–155

1b деңгейіндегі оқырмандар:
 •    жай сөйлемдердің тура мағынасын бағалай алады;
 •    сұрақтағы және/немесе мәтіндегі ақпараттың іргелес бөліктері арасында қарапайым байланыс орнату арқылы мәтіндердің тура мағынасын интерпретациялай алады;
 •    бір сөйлемдегі, қысқа мәтіндегі немесе қарапайым тізімдегі көзге оңай түсетін, айқын ақпаратты іздеп таба алады;
 •    қарапайым нұсқауға негізделген, жауапқа жөн сілтейтін айқын нышандары бар шағын жиынтықтың керекті бөлігіне өте алады.
 Бұл деңгейдегі тапсырмалар оқырманды тапсырма мен мәтінге қатысты факторларды қарастыруға ашық жөн сілтейді. Мәтіндер қысқа болып келеді, әдетте оқырманға ақпаратты, суреттерді немесе таныс символдарды қайталау арқылы қолдау көрсетеді. Мәтіндерде жарыспалы мәліметтер аса көп емес.

1a

335–407

156–235

1a деңгейіндегі оқырмандар:
 •    сөйлемдердің немесе қысқа үзінділердің тура мағынасын түсіне алады;
 •    таныс тақырыпты қозғаған мәтіндегі негізгі ой арқауын немесе автордың мақсатын таниды және бірнеше іргелес ақпарат арасында немесе ақпарат пен өз білімі арасында қарапайым байланыс орната алады; 
 •    қарапайым нұсқауға негізделген, жауапқа жөн сілтейтін ашық жиынтықтың керекті бөлігін анықтап, қысқа мәтін ішіндегі бір немесе бірнеше дербес ақпаратты таба алады;
 •    жауапқа жөн сілтейтін айқын нышандары бар қарапайым мәтіннің жалпы мақсаты және ақпараттың салыстырмалы маңыздылығы (негізгі ой мен маңызы жоқ деталь арасындағы айырмашылық) туралы ой қорыта алады.
 Бұл деңгейдегі тапсырмалардың көбінде не істеу керек, оны қалай жасау керек және оқырман мәтінде неге назар аударуы керек деген нақты нұсқаулар кездеседі.

2

407–480

236–327

2-деңгейдегі* оқырмандар: 
 •    көлемі орташа мәтіндегі негізгі ойды аңғара алады;
 •    ақпарат айқын болмаған жағдайда және/немесе мәтінде кейбір басы артық мәлімет бар кезде қарапайым тұжырым жасау арқылы мәтіннің шағын үзіндісіндегі өзара байланысты түсіне алады және мағынасын түсіндіре алады;
 •    айқын, бірақ кейде күрделі нұсқауға негізделген жиынтықтан керекті бөлігін таңдап, өте алады және бірнеше, ішінара жасырын критерийге сүйеніп, бір немесе бірнеше ақпаратты таба алады;
 •    айқын берілген жағдайда орташа көлемді мәтіннің жалпы мақсаты немесе мәтіннің белгілі бір деталінің мақсаты туралы ой қорыта алады;
 •    қарапайым визуал немесе типографиялық ерекшеліктер туралы ой қорыта алады;
 •    мәлімдемелерді салыстырып, оларды қолдаушы пайымдарды қысқа да нұсқа тұжырымдар негізінде бағалай алады. 
 Бұл деңгейдегі тапсырмаларда мәтіннің бір ғана ерекшелігін салыстыру немесе салғастыруы мүмкін. Бұл деңгейдегі әдеттегі рефлектив тапсырмалар оқырманнан жеке тәжірибесі мен ұстанымына сүйеніп, мәтін мен одан тысқары білімін салыстыруды, немесе олардың арасында бірнеше байланыс табуды талап етеді.

3

480–553

328–420

3-деңгейдегі оқырмандар:
 •    мазмұны мен құрылымдық нышандары айқын емес бір немесе бірнеше мәтіннің тура мағынасын аңғара алады;
 •    мазмұнды біріктіріп, қарапайым және анағұрлым ауқымды тұжырым жасай алады;
 •    қажетті ақпарат бір бетте көрсетілген жағдайда негізгі идеяны анықтау, сөздің немесе сөйлемнің өзара байланысын түсіну немесе мағынасын түсіндіру үшін мәтіннің бірнеше бөлігін біріктіре алады;
 •    жанама нышандарға қарап, ақпаратты іздей алады және жасырын орналасқан және/немесе дистракторлары бар мәтіндегі қажетті ақпаратты таба алады;
 •    кей жағдайда бірнеше критерийлердің негізінде ақпараттың бірнеше бөлігі арасындағы байланысты тани алады;
 •    мәтін немесе мәтіндердің шағын жиынтығы туралы ой қорыта алады, сондай-ақ айқын ақпарат негізінде бірнеше автордың көзқарасын салыстыра алады.
 Бұл деңгейдегі тапсырмалар:
 •    салыстыруды, түсініктеме беруді немесе мәтіннің белгілі бір сипатын бағалауды талап етуі мүмкін;
 •    таныс тақырыпқа қозғаған мәтінді толық түсінуді немес онша таныс емес мәтін мазмұны туралы негізгі түсінік беруді қажет етеді;
 •    ақпаратты салыстырғанда, салғастырғанда немесе жіктегенде көптеген ерекшелікті ескеруді талап етеді. Қажетті ақпарат көбіне жасырын тұрады немесе жарыспалы ақпарат басым болуы мүмкін. Бұл деңгейге тән мәтіндерде күтпеген немесе теріс тұжырымдалған идеялар сияқты басқа да кедергілер болуы мүмкін.

4

553–626

421–538

4-деңгейдегі оқырмандар:
 •    бір немесе бірнеше мәтіндегі көлемді үзінділерді түсінеді;
 •    тұтас мәтінді қаперге ала отырып, мәтін бөліктеріндегі тілдік ерекшеліктердің (нюанстардың) мағынасын ашып түсіндіре алады;
 •    интерпретациялық тапсырмаларда белгілі бір жағдайға арнайы құрылған санаттарды түсінетінін және қолдана алатынын көрсетеді;
 •    көзқарастарды салыстыра алады және бірнеше дереккөз негізінде қорытынды жасай алады;
 •    ойды бөлетін дистракторлар бола тұра, мәтіннің өне бойына кіріктерілген ақпараттарды іздеп тауып, оларды біріктіре алады;
 •    көздеген ақпараттың қатыстылығын бағалау үшін тапсырмадағы тұжырым негізінде қорытынды жасай алады;
 •    алдыңғы тапсырманың контекстін есте сақтауды қажет ететін тапсырмаларды орындай алады;
 •    нақты тұжырым мен адамның осы тақырыпқа қатысты жалпы көзқарасы немесе ұйғарымы арасындағы байланысты бағалай алады;
 •    мәтіннің көрнекі ерекшеліктеріне (мысалы, тақырыптар мен иллюстрацияларға) сүйеніп, авторлар өз ойын жеткізу үшін қолданатын стратегиялар туралы ойын айта алады;
 •    бірнеше мәтіндегі айқын тұжырымдарды салыстыра және салғастыра алады және анық критерийлерге сүйеніп, дереккөздің сенімділігін бағалай алады.
 Бұл деңгейдегі мәтіндер көбіне ұзақ және күрделі болып келеді, ал мазмұны немесе формасы стандарт болмауы мүмкін. Тапсырмалардың көбі бірнеше мәтінмен байланыста беріледі. Мәтіндер мен тапсырмаларда жауапқа жанама немесе жасырын түрде бағыттайтын нышандар болады.

5

626–698

539–696

5-деңгейдегі оқырмандар:
 •    ұзақ мәтіндерді түсінеді, сондай-ақ еленбей қалуы оңай бола тұра мәтіндегі ақпараттың тапсырмаға қатысы туралы ой қорыта алады;
 •    көлемді мәтіндерді терең түсінуге негізделген себеп-салдарлық немесе басқа да пайымдау формаларын қолдана алады;
 •    сұрақ пен бір немесе бірнеше мәтін не дереккөздер ішінде не арасында шашырай орналасқан ақпараттың өзара байланысы туралы ой қорыту арқылы жанама сұрақтарға жауап бере алады;
 •    нақты ақпаратқа сүйене отырып, гипотеза құра алады немесе оған сыни баға бере алады;
 •    күрделі немесе абстрактілі тұжырымдардың мазмұны мен мақсаты арасындағы, сонымен қатар факт пен пікір арасындағы айырмашылықты анықтай алады;
 •    ақпараттың мазмұнына және/немесе дереккөзіне тән айқын және жасырын белгілерге қарап, бейтараптық пен ағат пікірге баға бере алады;
 •    мәтіндегі тұжырымдардың немесе қорытындылардың растығына байланысты ойын жеткізе алады.
 Бұл деңгейдегі тапсырмалар оқудың барлық аспектілері бойынша әдетте абстрактілі немесе қисынсыз көрінетін ұғымдармен жұмыс жасауды және мақсатқа жеткенше бірнеше сатыдан өтуді талап етеді. Олар оқырманнан ақпаратты салыстыру және салғастыру үшін бірнеше ұзын мәтін арасында ауысып отыруды қажет етеді.

6

698–1000

697–1000


МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Деңгей

PISA

BilimСenter

1

358–420

55–125

1-деңгейдегі білім алушылар:
 •    барлық қатысты ақпарат қамтылған әрі сұрақтары нақты қойылған таныс контекстегі сұрақтарға жауап бере алады;
 •    қажет ақпаратты анықтап, айқын жағдаяттардағы тікелей нұсқауларға сай қарапайым процедураларды орындай алады;
 •    түсінікті, әрі әрдайым айқын және тапсырмадағы стимулдық мәтіннен (кіріспе мәтіннен) тікелей шығатын әрекеттерді орындай алады.

2

420–482

126–269

2-деңгейдегі* білім алушылар:
 •    тікелей ой тұжырым жасаудан басқа ешнәрсені қажет етпейтін контекстегі жағдаяттарды танып, интерпретациялай алады;
 •    өздеріне қажетті ақпараттарды бір дереккөзден алып, деректерді ұсынудың тек бір ғана репрезентациялық тәсілін қолдана алады;
 •    бүтін сандарға қатысты есептерді шығару үшін негізгі алгоритмдерді, формулаларды, амалдар мен тәсілдерді қолдана алады;
 •    нәтижелерге дәлме-дәл интерпретация жасай алады.

3

482–545

270–429

3-деңгейдегі білім алушылар:
 •    айқын сипатталған процедураларды, оның ішінде жүйелі шешімдерді қажет ететін процедураларды орындай алады;
 •    қарапайым модель құруға немесе проблеманы шешудің қарапайым стратегиясын таңдауға және оны қолдануға негіз бола алатындай барынша негізделген интерпретация жасайды;
 •    әртүрлі ақпарат көздеріне негізделген репрезентацияларды интерпретациялай, қолдана және осы ақпаратқа сүйене отырып пайымдай алады;
 •    проценттермен, ондық бөлшектермен және пропорциялармен жұмыс істей алатынын көрсетеді;
 •    есепті шығару тәсілдерінде базалық интерпретация мен пайымдауға сүйенгендерін көрсетеді.

4

545–607

430–522

4-деңгейдегі білім алушылар:
 •    белгілі бір шектеулері бар немесе болжам жасауға жетелейтін күрделі, нақты жағдаяттарға арналған айқын модельдермен жұмыс істей алады әрі өздері құрастыра алады;
 •    әртүрлі, оның ішінде символдық репрезентацияларды таңдап және біріктіріп, оларды шынайы өмір аспектілерімен тікелей байланыстырады;
 •    аз ғана дағдысын пайдаға асыра алады және пікірін анық контексте зеректікпен негіздей алады;
 •    өздерінің интерпретациялары, аргументтері мен әрекеттерін негізге ала отырып, түсіндірмелер мен дәлелдемелер түзе алады.

5

607–669

523–658

5-деңгейдегі білім алушылар:
 •    күрделі жағдаяттарға арналған модельдер құрып, олармен жұмыс істей алады, олардың шектеулерін анықтап, болжамдарды нақтылай біледі;
 •    осы модельдермен байланысты күрделі проблемаларды шешуге қолайлы стратегияларды таңдап, оларды салыстыра және бағалай біледі;
 •    осы жағдаяттар жайындағы түсінігін, оған қатысты символдық және ресми сипаттамаларды, репрезентацияларды, сондай-ақ едәуір дамыған терең ойлау және пайымдау дағдысын пайдаланып, стратегиялық тұрғыдан жұмыс істей алады;
 •    өз жұмысын саралау қабілетін дамыта бастайды және өз интерпретациялары мен қорытындыларын жеткізуді үйрене бастайды.

6

669–1000

659–1000

6-деңгейдегі білім алушылар:
 •    өздерінің зерттеулері мен күрделі проблемалық жағдаяттарды модельдеуі негізінде ақпаратты тұжырымдай, қорыта және қолдана алады, сондай-ақ білімін салыстырмалы түрде бейстандарт контексте қолдана біледі;
 •    әртүрлі ақпарат көздері мен репрезентацияларды өзара байланыстыра алады және олардың арасында оңай ауыса алады;
 •    математикалық ойлауға жүйрік және пайымдау қабілеті жетілген болады;
 •    бұрын-соңды бейтаныс жағдаяттарды шешетін жаңа тәсілдер мен стратегияларды әзірлеу үшін символдық және формалды математика амалдарын қолдану шеберлігімен қоса, зеректігі мен түсінігіне жүгіне алады;
 •    өз әрекеттерін ойланып істейді, тұжырым, түсіндірме жасаған кезде және оларды бастапқы жағдаятқа сәйкестендірген кезде ойлары мен әрекеттерін нақты байланыстыра біледі.

*2-деңгей білім алушылар оқуын жалғастырғанда, не еңбекке араласып, қоғамның есейген мүшесіне айналғанда, оларға тіршілік ағымында тиімді әрі өнімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін оқу дағдысы мен құзыреттіліктерін көрсете бастайтын функционалды сауаттылықтың іргелі (базалық) деңгейі ретінде қарастырылады.



ЖАРАТЫЛЫСТАНУШЫЛЫҚ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚ

Деңгей

PISA

BilimСenter

1b

261–335

49–109

1b деңгейіндегі білім алушылар:
 •    таныс немесе қарапайым аспектілерді тану үшін базалық немесе әдеттегі ғылыми танымына сүйене алады;
 •    ғылыми процедураны жүзеге асыру үшін негізгі ғылыми терминдерді танып, айқын нұсқаулықтарды орындайды және мәліметтегі қарапайым белгілерді анықтай алады.

1a

335–410

110–185

1a деңгейіндегі білім алушылар:
 •    қарапайым ғылыми құбылысты түсіндіру үшін базалық немесе процедуралық білімге сүйене алады; 
 •    қолдауға сүйене отырып, екі айнымалысы ғана бар құрылымданған ғылыми зерттеуді жүргізе алады;
 •    қарапайым себептік-салдарлық немесе корреляциялы байланыстарды анықтай алады және аса ойлануды қажет етпейтін графикалық және визуалды деректерді интерпретациялай алады;
 •    жеке, жергілікті және ғаламдық таныс контекстегі мәліметтерге ең жақсы ғылыми түсініктемені таңдай алады.

2

410–484

186–259

2-деңгейдегі* білім алушылар:
 •    лайықты ғылыми түсініктемені табу үшін, сонымен қатар деректерді интерпретациялау үшін және қарапайым экспериментте шешілетін мәселені анықтау үшін әдеттегі мазмұндық білімге және базалық процедуралық білімге сүйенеді;
 •    қарапайым мәліметтер жиынтығынан шыққан дұрыс қорытындыны анықтау үшін базалық немесе әдеттегі ғылыми білімді қолдана алады;
 •    ғылыми тұрғыдан зерттелетін сұрақтарды анықтай алатындай базалық эпистемиологиялық білімі барын көрсетеді;

3

484–559

260–435

3-деңгейдегі білім алушылар:
 •    таныс құбылыстарды анықтап, түсіндіру үшін күрделілігі орташа мазмұндық білімге сүйене алады;
 •    онша таныс емес немесе күрделірек жағдаяттарда тиісті нұсқауға немесе қолдауға сүйене отырып, түсіндірме бере алады;
 •    шектеулі контексте қарапайым тәжірибе жүргізуге процедуралық немесе эпистемиологиялық білім элементтерін қолдана алады;
 •    ғылыми және ғылыми емес мәселелерді ажыратады және ғылыми тұжырымды растайтын дәлелдерді анықтай алады.

4

559–633

436–545

4-деңгейдегі білім алушылар:
 •    анағұрлым күрделі немесе онша таныс емес оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін контексте берілген немесе еске түскен анағұрлым күрделі не абстрактілі мазмұндық білімді пайдалана алады;
 •    шектеулі контексте екі немесе одан да көп тәуелсіз айнымалыларды қамтитын эксперимент жүргізе алады;
 •    процедуралық және эпистемиологиялық білім элементтеріне сүйене отырып, эксперименттік жобалауды негіздей алады;
 •    күрделілігі орташа мәліметтер жиынтығынан немесе онша таныс емес контекстен алынған деректерді интерпретациялайды, мәліметпен ғана шектелмейтін лайықты қорытынды жасап, өз таңдауына негіздеме ұсына алады.

5

633–708

546–684

5-деңгейдегі білім алушылар:
 •    бірнеше себеп-салдарлық байланыстан тұратын беймәлім, анағұрлым күрделі құбылыстарды, оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін абстрактілі ғылыми идеялар мен ұғымдарды қолдана алады;
 •    баламалы эксперименттік жобалауларды бағалап, өз таңдауын ақтау үшін анағұрлым күрделі эпистемеологиялық білімге жүгінеді, ақпаратты интерпретациялау немесе болжам жасау үшін теориялық білімін пайдаланады;
 •    берілген сұрақты ғылыми тұрғыдан зерттеу жолдарын бағалай алады және деректер жиынтығындағы шектеулерді, оның ішінде дереккөздер мен ғылыми мәліметтердегі белгісіздік әсерін анықтай алады.

6

708–1000

685–1000

6-деңгейдегі білім алушылар:
 •    физика, биология, география және астрономия саласындағы өзара байланысқан жаратылыстанушылық-ғылыми идеялар мен ұғымдарға сүйене алады және беймәлім ғылыми құбылыстарға, оқиғалар мен процестерге қатысты гипотеза құру және болжам жасау кезінде мазмұнды, процедуралық және эпистемеологиялық білімін қолдана алады;
 •    деректерді интерпретациялағанда немесе ғылыми дәлелдерді қолданған кезде тақырыпқа қатысты және қатысы жоқ ақпаратты ажырата алады, сондай-ақ мектептің әдеттегі оқу бағдарламасынан тыс білімге сүйене алады; 
 •    ғылыми дәлелдер мен теорияға негізделген аргументтер мен басқа ой-пайымға негізделген аргументтерді ажырата алады;
 •    күрделі эксперименттер, салалық зерттеулер мен имитациялардың балама үлгілеріне баға беріп, өз таңдауын негіздей алады. 

*2-деңгей білім алушылар оқуын жалғастырғанда, не еңбекке араласып, қоғамның есейген мүшесіне айналғанда, оларға тіршілік ағымында тиімді әрі өнімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін оқу дағдысы мен құзыреттіліктерін көрсете бастайтын функционалды сауаттылықтың іргелі (базалық) деңгейі ретінде қарастырылады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив