Ашық диктант
Бүгін" Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында" бір уақытта " Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы" атты жалпықазақстандық ашық диктант жазу ұйымдастырылды. Ашық диктант Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналады. Іс-шараның мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолын дәріптеу, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін және жалпы сауаттылықты арттыру болып саналады. Диктант – жыл сайын Қазақстан халқы тілдері күні шеңберінде, ел өміріндегі ерекше оқиғалардың ең маңыздысын арқау ете отырып жазылады.