13
ноябрь
2025
«Қыз қылығымен қылықты» Психологпен кездесу-сабақ (5–11 сынып қыздарына арналған)
«Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы» КММ
ХАТТАМА
Өткізілген күні: 13 қараша
Өткізілген орны: АКТ.зал
Іс-шараның атауы: «Қыз қылығымен қылықты» кездесу сабақ
Мақсаты:
- Қыз баланың нәзіктігі, инабаттылығы, әдептілігі жайлы түсінік беру;
- Өзін бағалау мен өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру;
- Сыртқы және ішкі сұлулықты үйлестіруге баулу;
- Бір-біріне сыйластық, қолдау сезімін арттыру.
Міндеттері:
- жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу;
- жақсы қасиеттерді бала бойына бойына дарыту.
Қатысушылар: 5-11 сыныптың оқушы қыздары
Іс-шараның өту барысы:
- «Сұлулық қайдан басталалы?» жаттығуы. Қатысушыларға жүргізуші айна ұстап, сұрақ қояды. «Айнадан өзіңді көргенде, сұлулықты неден байқайсың?» Қыздар өз ойларын айтып шықты: күлімсіреу, сыпайылық, мейірім, таза киім, жақсы сөз айту т.б. Жаттығу аяқталған соң қатысушылар көңіл-күйлерімен бөліседі. Кері байланыс береді.
- «Жақсы қасиеттер гүлдері» ойыны. Әр қыз гүлдің бір жапырағына өз бойындағы жақсы қасиетін жазады. (Мысалы, мейірімдімін, тыңдай аламын, адалмын). Барлық жапырақ біріктіріліп, «Қыз сұлулығының гүлі» жасалады. Бұл ұжымдық – біздің ортақ сұлулығымыздың бейнесі. Жаттығу аяқталған соң, қатысушылардан кері байланыс алынады.
- «Нағыз қыз қандай болу керек?» қорытындыда оқушылар өз ойларын айтты. «Қыз баланың ең үлкені сәні – оның мінезі мен мйірімі. Өз қадіріңді біл, өзіңді жақсы көр, сонда айналаң да сені жақсы көреді» қорытынды сөзбен аяқталды.
Педагог-психолог: А.Кулмахашева
М.Гаитова

