«5 сынып оқушыларының бейімделуі: Бала бақыты - бірлікте»
«Үшқоңыр орта мектеп – гимназиясы» КММ
5 а,ә,б,в, г, д сыныбының ата-аналарымен өткізілген жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Жиналыстың тақырыбы: «5 сынып оқушыларының бейімделуі: Бала бақыты - бірлікте»
Жиналыстың мақсаты: балалар тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата-аналарға жасөспірімдердің физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері мен тұлғааралық қарым-қатынас туралы түсіндірме жұмыстарын өткізу, балалардың 5 сыныпқа бейімделу бойынша кеңестер беру.
Өткізілген уақыты: 09.10.2025ж
Жұмыс түрі: тренингтік жаттығулар
Қолданылған әдіс-тәсілдер: тренингтік жаттығулар, сұрақ-жауап
Барлығы: 146 ата-ана Қатысқан ата-ана саны: 48
2025 оқу жылының қазан айының 9 күні 5- а,ә,б,в, г, д сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналысы өткізілді. Мектеп психологтары Кулмахашева А.Б, Гаитова М.Т ата-аналарға 10-11 жастағы 5-сынып оқушыларының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері туралы айтып слайд және жадынама арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
- 10-11 жастағы жас өспірімнің психологиялық ерекшелігі(5 сынып орта буынға бейімделуі);
- Отбасындағы жас өспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық негіздері(ата-аналарға кеңес);
- Баланы психологиялық тұрғыдан қолдау(тренингтік жаттығулар);
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады. Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Психологиялық бейімделуін анықтайтын әдістемелер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған.10-11 жастағы балалар аңқау, ашық, алаңсыз келеді. Өзі және басқа туралы ойларын жасырMay, бүкпесіз айтып береді. Орта буында «Үлкен болып кеттім» деген сезіммен үнемі ел көзіне түссем, мені көрсе, «Маған барлығы көңіл бөлсе деген» қызығушылық, таң қалдыру сияқты сезімдер байқалады. Олар әлі ойын баласы, бір жағдайдан екінші жағдайға еркін ауысады, жақсы-жаман рольдерге тез енеді, еркелеу, сынып жетекшіге «жабысқақ», невротизмнің белгілері байқалады. Әдістемелер арқылы мінез-құлық, сезім, эмоция, қарым-қатынас сияқты құбылыстарға түсініктеме берілді. Әдістемеде қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынасқа аса көңіл бөлінген, себебі осы жастағы ұл балалар «қызсың, қыздарша» деген жаман ойлармен қыздарды жақтырмаса, ал қыздар өзгеріп сыныптас ұлдарын менсінбеуге, көңіл бөлмеуге бейім келеді. Осы кезеңдерде алаңдаушылық деңгейі басым болады, жаңа пән мұғалімі алдында жауап бере алмау немесе барлығына үлгеріп, жан-жақтылы болып көріну сияқты өзгерістер білім сапасының түсуіне, уақтылы сабаққа қазығушылықтың әлсіреуіне әкеліп соғады. Біздің басты мақсатымыз бала бойындағы үрейді игерту, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету. 5 сынып оқушыларымен жүргізілетін әдістемелермен ата-аналарды таныстырды. .
Бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болып өзгерулері мүмкін. Олардың жұмысқа қабілеттері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы, кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы мүмкін, құрдастарымен қарым-қатынастары бұзылатын жағдайлар да орын алуы кездеседі.
Parents кеңес: Баланың өз тілінде сөйлеуге: тырыссаңыз.
Баланың көңіл - күйін әр кез назарда ұстаңыз.
Баланың Сізден көп нәрсе күтетіндігін ескеріңіз.
Жиналыста сыныптар бойынша 33% ата-ана қамтылды.
Педагог-психологтар: Кулмахашева А.Б.
Гаитова М.Т
Сынып жетекшілер: Галиуллина С
Хамитова Ж
Кеулимжай Ж
Жақиянова А Кадирова А






