5 - сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері және орта буынға бейімделуі
«Үшқоңыр орта мектеп – гимназиясы» КММ
5 - сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері және
орта буынға бейімделуі туралы
Анықтама
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады. Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Психологиялық бейімделуін анықтайтын әдістемелер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған.10-11 жастағы балалар аңқау, ашық, алаңсыз келеді. Өзі және басқа туралы ойларын жасырмай, бүкпесіз айтып береді. Орта буында «Үлкен болып кеттім» деген сезіммен үнемі ел көзіне түссем, мені көрсе, «Маған барлығы көңіл бөлсе деген» қызығушылық, таң қалдыру сияқты сезімдер байқалады. Олар әлі ойын баласы, бір жағдайдан екінші жағдайға еркін ауысады, жақсы-жаман рольдерге тез енеді, еркелеу, сынып жетекшіге «жабысқақ», невротизмнің белгілері байқалады. Әдістемелер арқылы мінез-құлық, сезім, эмоция, қарым-қатынас сияқты құбылыстарға түсініктеме берілді. Әдістемеде қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынасқа аса көңіл бөлінген, себебі осы жастағы ұл балалар «қызсың, қыздарша» деген жаман ойлармен қыздарды жақтырмаса, ал қыздар өзгеріп сыныптас ұлдарын менсінбеуге, көңіл бөлмеуге бейім келеді. Осы кезеңдерде алаңдаушылық деңгейі басым болады, жаңа пән мұғалімі алдында жауап бере алмау немесе барлығына үлгеріп, жан-жақтылы болып көріну сияқты өзгерістер білім сапасының түсуіне, уақтылы сабаққа қазығушылықтың әлсіреуіне әкеліп соғады. Біздің басты мақсатымыз бала бойындағы үрейді игерту, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету. Әдістемелер қорытындысы бойынша баланың 5-сыныпқа бейімделуі бойынша топтық және жеке жұмыстар жоспарлануда.
Биылғы оқу жылында 5 - сыныпта – 172 оқушы бар. Жоспар бойынша оқушылардың 5 – сыныпқа бейімделуін төмендегідей әдістемелермен анықтадық.
- «Оқу мотивациясы» А.Андреева әдістемесі;
- «Пәнге қызығушылық» Г.Казанцева әдістемесі;
- «Ағаштағы адамдар» Д.Лампен әдістемесі;
Ал енді психодиагностикалық жұмыстың қорытындысымен таныс болыңыздар.
Оқушының жүріс-тұрысының мотивтерін білмей, оны тәрбиелеуге болмайды. Өйткені сол бір мінез-құлық, оқушыны ынталандыратын мотивтерге байланысты, түрлі өнегелі болуы мүмкін. А.Андреева әдістемесі бойынша оқушының оқуға деген ынтасын, таным белсенділігін және оқу мотивациясын анықтадық.
Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:
Жоғары деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; сыныпта жоғары мәртебеге ие.
Ортаңғы деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият, бірақ бақылауды талап етеді; коррекция сабаққа қызығушылықпен дайындалады: сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.Төменгі деңгей - оқушының мектепке қатынасы теріс, оқу материалдарын баяу меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; коррекция сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді; пассивті; сыныпта жақын достары жоқ.
Әдістеме қорытындысы бойынша:
5 «А» | 5 «Ә» | 5 «Б» | 5 «В» | 5 «Г» | 5 «Д» | |
Жоғары денгей | 14 оқушы 42% | 13 оқушы 37% | 10 оқушы 28% | 10 оқушы 30% | 2 оқушы 8% | 7 оқушы 34% |
Ортаңғы деңгей | 16 оқушы 48% | 20 оқушы 57% | 24 оқушы 69% | 16 оқушы 48% | 17 оқушы 71% | 8 оқушы 38% |
Төменгі деңгей | 3 оқушы 9% | 2 оқушы 6% | 1 оқушы 3% | 8 оқушы 22% | 5 оқушы 21% | 6 оқушы 28% |
Пәнге қызығушылық әдістемесі.
Әдістеменің мақсаты: 5-сынып оқушыларының оқу пәніне деген қызығушылығының деңгейін (төмен, орта, жоғары) анықтау, оқушының оқу уәжін, мотивациясын талдау және пән бойынша жұмыс стратегиясын жоспарлау.
Г. Казанцева әдістемесі бойынша алынған мәліметтерге сүйене отырып, 5-сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылық деңгейі анықталды. Жоғары қызығушылық танытқан оқушылар пән бойынша белсенді, өздігінен білім алуға ынталы екені байқалды. Орташа деңгейде қызығушылық танытқан оқушыларға мотивацияны күшейту, оқу тапсырмаларын түрлендіру ұсынылады. Төмен деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс, қосымша қолдау, қызығушылықты арттыратын әдістер қолдану қажет.
Қызығушылық деңгейі: 30–36 ұпай — Жоғары қызығушылық. Оқушы пәнді жақсы көреді, белсенді, ынтасы жоғары, қосымша білім алуға дайын.
Сыныптар | 5 «А» | 5 «Ә» | 5 «Б» | 5 «В» | 5 «Г» | 5 «Д» |
Жоғары денгей | 14 оқушы 42% | 13 оқушы 37% | 10 оқушы 29% | 10 оқушы 30% | 2 оқушы 8% | 7 оқушы 34% |
Ортаңғы деңгей | 16 оқушы 48% | 20 оқушы 57% | 24 оқушы 68% | 16 оқушы 48% | 17 оқушы 71% | 8 оқушы 38% |
Төменгі деңгей | 3 оқушы 9% | 2 оқушы 6% | 1 оқушы 3% | 8 оқушы 22% | 5 оқушы 21% | 6 оқушы 28% |
22–29 ұпай — Орташа қызығушылық. Пәнге деген қызығушылығы бар, бірақ тұрақты емес. Мотивацияны арттыру қажет.
12–21 ұпай — Төмен қызығушылық. Оқушы пәнге қызықпайды, белсенділігі төмен. Жеке жұмыс, қолдау, мотивация қажет.
Оқушының болмысын, оның эмоционалдық жай-күйін, қоғамдағы орнын анықтау барысында Лампеннің «Ағаштағы адамдар» әдістемесі өткізілді. Әдістеме қорытындысы бойынша
Сыныптар | 5 «А» | 5 «Ә» | 5 «Б» | 5 «В» | 5 «Г» | 5 «Д» |
Лидерлер | 5 оқушы 15% | 6 оқушы 17% | 4 оқушы 11% | 3 оқушы 9% | 3 оқушы 14% | 3 оқушы 14% |
Өмірге позитивпен қарайтын оқушы | 9 оқушы 27% | 7 оқушы 20% | 9 оқушы 26% | 8 оқушы 25% | 7 оқушы 28% | 7 оқушы 33% |
Достықты аса бағалайтын | 8 оқушы 24% | 12 оқушы 34% | 10 оқушы 28% | 9 оқушы 27% | 6 оқушы 25% | 6 оқушы 28% |
Батыл мінезді оқушылар | 11 оқушы 34% | 9 оқушы 26% | 12 оқушы 35% | 13 оқушы 39% | 6 оқушы 25% | 4 оқушы 20% |
Эмоционалды жағдайының төмен деңгейі | 0 | 1 оқушы 3% | 0 | 0 | 2 оқушы 8% | 1 оқушы 5% |
Қорытындылай келе, тест нәтижесін көріп отырғандарыңыздай 5 – сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері және орта буынға бейімделуі орташа деп санаймыз. Бақылауға алынған оқушылармен жеке жұмыс және сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасын нығайту мақсатында жұмыстар жүргізетін боламыз. Бұнымен бейімделу кезеңі аяқталды деп айта алмаймыз оқу жылының соңына дейін бақылауда болады.
Шешім:
- Бейімделуі жақсы деңгейде жүрген оқушыларға қолайлы психологиялық ахуалды әрі қарай сақтау ұсынылады.
- Бейімделуі орта деңгейдегі оқушыларға топтық дамыту жұмыстары (коммуникативтік жаттығулар, мотивацияны арттыру тренингтері) ұйымдастырылсын.
- Бейімделуі төмен немесе қиындықтары бар оқушылармен (аты-жөні) жеке психологиялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілсін.
- Сынып жетекшілері мен ата-аналарға оқушылардың эмоционалдық жай-күйін қолдауға бағытталған ұсынымдар берілсін.