"Тығырықтан шығу" тақырыбында 6 сынып оқушыларына арналған ойын-жаттығулар
«Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы» КММ
ХАТТАМА
Өткізілген күні: 15 қыркүйек
Өткізілген орны: АКТ.зал
Іс-шараның атауы: «Тығырықтан шығу» ойын-жаттығулар
Мақсаты: Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану,құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Міндеттері:
- оқушылардың өмірдегі өз табуға көмектесу;
- жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу;
- жақсы қасиеттерді бала бойына бойына дарыту.
Қатысушылар: 6 «а» сынып ұлдары
Іс-шараның өту барысы:
- «Бір-біріңе» жаттығуы. Қатысушылар аудиторияда еркін жүріп, менің тапсырмаларымды орындаулары қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сөздерді оқып, өз жұптарын табу керек. Жұптар құрылған соң әр қатысушы өзінің есімін атап, 3 жақсы және жаман қасиеттерін айту арқылы танысу. Жаттығу аяқталған соң қатысушылар көңіл-күйлерімен бөліседі. Кері байланыс береді.
- «Сыр сандық» ойыны. Қатысушыларға топтық жұмыс ретінде ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырылады. Сұрақтар оқылған кезде әр қатысушы сұраққа 2-3 жауап беруі керек. Барлығы 10 сұрақ. Мысалы, ең үлкен қорқыныш – бұл… Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болғаны туралы кері байланыс алынады. Жүргізуші қатысушылармен сұрақтар туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді.
«Ашулы шарлар» жаттығуы. Жаттығу шарты бойынша қатысушлар шеңбер болып тұрып, шарды үрлеп, оларды байлайды. Түсіндірме жұмысы жүргізілген соң, қатысушылар қолдарындағы шарды жаруы керек. Шарды жарғанда қандай сезімде болғаны туралы кері байланыс алынады. Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана ауасын шығарайық. Шар кішерейеді, бірақ жарылмайды.
«Бұл нені білдіреді?» деген сұрақ қойылады. Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Жаттығу аяқталған соң, қатысушылардан кері байланыс алынады.
- «Мен саған сенемін» жаттығуы. Қатысушылар жұпқа бірігеді. Бір-біріне қарама - қарсы орналасады. Қатысушылар бір-бірінің көздеріне тіке қарап, тыныш отырады. Сосын жұптар «Мен саған сенемін, өйткені…» деп сөйлемді жалғастырады. Мысалы:«Мен саған сенемін, өйткені сен ешқашан маған жаман сөз айтпайсың». 1 сөйлемнен айтылады. Қатысушыларға «Қазір не сезіндіңіз?» сұрақ арқылы кері байланыс жүргізіледі. Жаттығулар аяқталған соң қатысушылармен жалпы ойын-жаттығулар бойынша кері байланыс жүргізіледі
Педагог-психолог: А.Кулмахашева




