"Дұрыс қарым-қатынас құруды үйренемін"
«Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы» КММ
ХАТТАМА
Өткізілген күні: 4 қараша
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Іс-шараның атауы: «Дұрыс қарым-қатныса құруды үйренемін» ойын-жаттығулар
Мақсаты: Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану,құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Міндеттері:
- оқушылардың өмірдегі өз табуға көмектесу;
- жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу;
- жақсы қасиеттерді бала бойына бойына дарыту.
Қатысушылар: 6 «б» сынып қыздары
Іс-шараның өту барысы:
- «Жылы лебіз» жаттығуы. Әр қатысушы көршісіне қарап, жылы сөз немесе комплимент айтады. Мақсаты: жағымды атмосфера құру.
Кері байланыс береді.
- Тақырыпқа кіреспе: «Қарым-қатынас деген не?», «Достармен қарым-қатынаста не маңызды» сұрақтар қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдап, қысқаша қорытынды жасалады. Жүргізуші қатысушылармен сұрақтар туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді.
- «Жақсы және қиын қарым-қатынас» жаттығуы. Екі топқа бөлінеді. 1-топ: «Жақсы қарым-қатынас қандай болады?» 2-топ «Қиын қарым-қатынас қандай болады?» деген сұрақтарға постер жасап, өз ойларын қорғайды.
Мақсаты: жақсы мінез-құлық пен сыпайылықтың маңызын түсіну.
- «Диалог құрайық» жаттығуы. Қыздарға түрлі жағдайлар беріледі. Әр топ жұрыс сөйлесу мен тыңдау әдебін көрсетеді.
Мақсаты.өмірлік жағдаяттарда дұрыс қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту.
- «Менің жақсы қасиеттерім» жаттығуы. Әр қатысушы қағазға өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады және қасындағы көршісінің жақсы қасиеттерін атайды.
Мақсаты: өзін және өзгені құрметтеуді қалыптастыру.
- Қорытынды. Әр қатысушы тренингтік жаттығулардан алған әсерімен бөліседі.
Педагог-психолог: А.Кулмахашева






