04
октябрь
2019
Қарттарым - асыл қазынам
1 Қазан - Халықаралық қарттар күні.«Жас Ұлан» балалар ұйымымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» мектепішілік жиын өткізілді. Бейнелеу пәні мұғалімі Е. Рамжанов бастауыш сынып оқушыларымен «Менің атам мен әжем» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Тарих пәні мұғалімі Б.Саусақбаев «Қарттарым-қазынам» ұлттық отбасылық құндылықтар туралы үздік бейнефильмдер көрсетіп, ол фильмдер туралы оқушылар өз пікірлерін айтып, талқылады. 10В сынып және сынып жетекшісі А.Кадирова қарт еңбек ардагерлеріне қолқабыс көрсету шараларын қазан айы бойы ұйымдастырады. 10А және 10 Б сыныптары «Қарттарым – асыл қазынам» атты мектепішілік мерекелік іс-шара өткізді. Салтанатты мерекелік кеште мектеп-гимназия директоры Г.Аманжолова құттықтау сөз сөйледі. Бұл мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, еңбек ардагерлері қонаққа шақырылды. Зейнеткер қарт ұстаз Г.Баймусинова ел алдына шығып бата берді. Оқушылардың ұйымдастырған концертіне риза болған көрермен қауым алғыстарын айтты. Қарттар күніне арналған іс-шараларға оқушылар белсенді қатысты.
[]http://ushkonyr-omg-karasai.mektebi.kz/uploads/posts/2019-