05
сентябрь
2023
"Тіл- ең асыл құндылық"
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі құтты болсын. Осы мерекеге орай мектебімізде Тілдер мерекесінің ашылуы "Тіл-ең асыл құндылық" тақырыбындағы іс-шарасымен атап өтілді. Іс-шара мақсаты- оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде. Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы" дегендей, біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.